324
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі парамен ұсталған. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Ведомство бұл мәліметте қатысты пікір білдірді.
Агенттіктің ресми дерегіне сенсек, тергеушіге қатысты сот үкімі шыққан.
«А.Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес оған атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Сотталушының пара алу фактісін агенттітіктің Жеке қауіпсіздік департамент қызметкерлері әшкерелеген.