Павлодар облысы Екібастұз қаласында есірткі сатқан ер кісі құрықталды. Оны облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұстады.
«Күдіктінің сөмкесін тінту барысында жалпы салмағы 30 кг-нан асатын өсімдік тектес заты бар екі полимерлі байлам табылды. Сараптама тәркіленген есірткі затының марихуана екенін көрсетті. Ұсталған адам бұл затты интернеттің көлеңкелі сегментінде сатып алғанын және бұндай әрекетке үлкен партияны аймақ аумағында құпия белгілер арқылы аз мөлшерде сатып, қосымша ақша табу мақсатында барғанын түсіндірді»,- деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақыт ұстау изоляторына қамауға алынды.