Павлодарда 20 жастағы бойжеткенге белгісіз біреу кірпішпен шабуыл жасап, басынан бірнеше рет ұрып қашып кеткен. Оқиға 21 тамыз күні түнгі уақытта болған. Жәбірленуші 23 тамыз күні полицияға арыз жазған.
Polisia.kz мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен барған. Көпқабатты үйдің алдына келген кезде оның артынан белгісіз ер адам жүгіріп келіп, кірпішпен бірнеше рет басынан ұрған. Кейін дереу қашып кеткен. Бұл оқиға үй алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бойжеткен ауруханаға барғанда, оған “бас миының шайқалуы” диагнозы қойылған. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартыпты.
«Аталған фактіге сәйкес, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған адамның жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Полиция видеодағы ер адамды танитындар немесе көргендер болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.