Президент бірқатар Шымкент тұрғынын мемлекеттік наградамен марапаттады

Теги: ,
238

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жасаған сапары кезінде бірқатар қала тұрғынын мемлекеттік наградамен марапаттады. Президент бұл марапаттарды жұртшылықпен кездесу кезінде табыс етті. Атап айтқанда: «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжанов «Парасат» орденімен, «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры Бауыржан Байтанаев және №2 қалалық аурухананың дәрігері Есенгелді Бегешев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ спортшы Ксения Ханға «Ерен еңбегі үшін» медалі, «№ 89 IT мектеп-лицейінің» тәрбиешісі Әсем Үсеноваға «Шапағат» медалі табыс етілді.

Дәл осы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардағы көптеген мәселелерді атап өтіп, қаланың айналма жолын тұйықтайтын автожолды тезірек іске қосуды және жаңа әуежай терминалының құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру қажет екенін айтты.

«Соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елдімекен қосылды, сол себепті инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыру қажеттігі туындады. Осы мақсатқа 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде ауыз су, электр қуаты және газ мәселесі біршама реттелді. Жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі. Келесі жылы қала орталығынан шалғай орналасқан 2 елдімекеннің су мәселесін толық шешуді тапсырамын. Қазір 8 елдімекенде сапалы электр жүйесі жоқ. Алдағы жылы бұл мәселені толығымен шешу қажет. Сондай-ақ тағы 8 елді-мекенде газ мүлде жоқ. Үкімет пен әкімдікке бұл жерлерге газ жеткізу үшін қаржы бөлу мәселесін пысықтауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан өзге Президент биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның арқасында 9 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайтынын алға тартты.

«Тұрғын үй құрылысының қарқынын бәсеңдетпеу керек. Ең бастысы, оның бағасы жұртқа қолжетімді болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Предыдущая запись
Шымкент Қазақстанның төрт хаб-қалаларының біріне айналады
Следующая запись
Шымкентте қоныс тойын тоғыз мыңға жуық отбасы атап өтеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню