571
Ақтөбе облысында әккі ұрылар той болатын үйден құдалыққа деп арнайы алынған зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Polisia.kz жазуынша, облыс орталығында пәтер ұрлығы азаяр емес. Ұрылар негізінен иелері жоқ үйлерді таңдайды. Мысалы, қыркүйек айының басында үй иелерінің тойдың қамымен мейрамханада жүргендігін пайдаланып, белгісіз адамдар үйді тонап кеткен. Қаскүнемдердің олжасы құдаларға арналған кәде сыйлықтар мен зергерлік бұйымдар болған.
Ақтөбе қаласының аумағында осыған ұқсас бірнеше пәтер ұрлығы тіркелді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.