ШҚО-да көлік аударылып, 4 адам мерт болды

Теги: ,
404

Шығыс Қазақстан облысындағы «Үлкен-Нарын-Күршім» (2/133 км) автожолында жан түршігерлік жол апаты болды. «Toyota 4Runner» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Күршім ауданында жолдың көріну жағдайын ескермей қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылған.

Жол апатынан ауыр дене жарақаттарын алған төрт жолаушы ( 1963 жылы туған, 1969 жылы туған, 1979 жылы туған,1992 жылы туған ер адамдар) оқиға орнында қайтыс болды. Ал көлік жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 — бабы 4-бөлігі» (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Предыдущая запись
Казахстанец до смерти забил 92-летнюю мать кирпичом
Следующая запись
​Тойда былдырлаған тілімен бата берген бүлдіршін желіде жұлдыз болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню