​Шардарада заңсыз балық аулаған браконьерлер оңбай ұсталып қалды

Теги: ,
431

Түркістан облысы Шардара ауданындағы су қоймада заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі браконьерді ұстады. Олар Келес ауданы мен Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Полиция ұсталған азаматтардан 58 келі балық (көксерке), қайық және балық аулау құрал-жабдықтарын тәркіледі» деп атап өтті ведомстводағылар.


Аталған факт Қылмыстық кодекстің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру» бойынша тіркелді. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары браконьерліктің және табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Предыдущая запись
​Есірткі тұтынып, рөлге отырған жүк көлігінің жүргізушісі жол апатын жасады
Следующая запись
В Жамбылской области построят более 400 теплиц

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню