ШЫМКЕНТ: 276-ОРАМҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БЕРІЛДІ

270

Шымкенттегі Сәуле
шағынауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары
аяқталды.

Мұнда
918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде
1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.
Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып
келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін
бұрынғыдай 28 тг емес, 16-17 тг төлейтін болады.

Осындай
ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов,
Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен
БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.

Жалпы
276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы 276 орамды электр жүйесімен
қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және
қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын
үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілген еді.

Ауыз
сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме
«Агат» ЖШС-мен 532,5 млн. теңгеге келісімшарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2021
жылдың маусым айында басталып, қараша айында су құбырларын тарту аяқталған. Ал
биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл
соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен
қатар, топырақ жолдардың санын азайту мақсатында 2020 жылы 4,9 шақырым жолға (4
көше) шағал тас төселді. Аталған көшелерге 2022 жылы асфальт төсеу жұмыстары
жүргізіледі.
Тілге тиек етейік, Сәуле шағынауданы 276 орамға жеке тұрғын үй салу үшін 600
жер телімі берілген. Бүгінгі таңда 350 тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Халық
саны – 526 адам.

Предыдущая запись
Сыртқы істер министрлігінің сотталған экс-шенеуніктері ақталып шықты
Следующая запись
ШЫМКЕНТТЕГІ 195 ОРАМНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню