Шымкент: Ақтау мен Нұр-Сұлтанды бетке алған жолаушылар жолдан қалды

Теги: ,
217

Шымкент әуежайында 200 жолаушы бір тәуліктен бері қаңтарылып отыр. Тіпті өткен түнді сол жерде көз ілмей атырғандары бар. Ал мазасы қашқандар темір отырғыштарға жатып, түнеп шыққандарын айтады. Жолаушылардың барлығы «FlyArystan» әуе компаниясының ұшағына билет алғандар. Компания өкілдері бастапқыда жағдайды ауа райының қолайсыздығымен байланыстырса, кейіннен мәселені билет ақысын қайтарып беру арқылы шешпек болыпты. Бірақ жолынан қалған жолаушыларға бұл ұсыныстары ұнай қоймаған.

«Бізге ақшаларыңды кері алыңдар да, баратын жерлеріңе барыңдар!» — деп айтып жатыр. Бұл жерде қаншама адам бала-шағасымен жатыр. Сырқаттанып тұрғандары да бар араларында. Сеніп артып жолға шыққаннан соң уақытылы жеткізбейді ме, бұл дұрыс емес қой. Ауа-райы қолайсыз болды деп жатыр. Кеше дәл сондай құбылыс кезінде «SCAT» компаниясының ұшақтары ұшып, қонып жатты. Сонда екі компанияға ауа-райы екі түрлі әсер ете ме, қалай бұл сонда?! Біз соған таңқалып тұрмыз», — деді Әлібек Шеңгелов есімді жолаушы.

Замира Мұхтарова, жолаушы:

-Кеше сағат он бір жарымда ұшуымыз керек еді. Бірақ ұшақ қайта-қайта кешіктіріліп, енді ертеңге қалдырылды. Билетті ауыстыра қояйын десем бағасы тым қымбат. Жолаушыларға ешқандай жағдай жоқ. Таңғы асымызды да ішпедік. Шәйдің өзі қымбат бұл жерде.

Діттеген жеріне уақытылы жете алмай сенделгендер ыстық тамақ пен жатын орынның қарастырылмағанына реніш білдірді. Тіпті жағдайды түсіндіретін жан табылмады деп өкпе айтты.

Ал әуежай өкілдері бүгін түннен қалмай Ақтауға бет алғандардың алды әуеге көтерілетінін жеткізді.

«Түнгі 23:30-да Ақтауға ұшатын тікелей рейс бар. Сол рейске 20 адамды алып кетеміз деп отыр. Бұл анық. Ал Нұр-Сұлтан қаласына жолаушылар таңғы төртте ұшады.» — деді Шымкент әуежайының өкілі Сәкен Мамырбеков.

Ал Ақтауға баратын қалған жолаушылардың қашан жолға шығары әзірге анық емес.

Предыдущая запись
​Парламент Сенатының депутаттары Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды
Следующая запись
Как Алматы будет отмечать День столицы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню