ШЫМКЕНТ: АҚЖАЙЫҚТАҒЫ ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАЛУДА

Теги:
234

2021-2025 жылдарға бектілген бас жоспарға сәйкес, Шымкенттегі ішкі орам көшелерге көңіл аударыла бастады. Шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Мысалы, Ақжайық шағын ауданының Көкиірім көшесінде 20-ға жуық үй орналасқан. Ішкі орам көшенің ұзындығы 500 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта асфальтбетон қабатының бірінші қабаты толықтай төселіп бітті.

«Тұрғылықты жеріміз қаланың орталығы болмаған соң, талайдан бері көшеміз тас жол еді. Енді міне, көшемізге асфальт төселіп, шағын ауданымыз көркеюде. Бұл үшін қуаныштымыз!»,- дейді тұрғындар.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағын ауданы бойынша тағы 22 көшеге асфальт төселетінін жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді. Айта кетейік, бүгінде 115 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қаладағы 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған. Сонымен қатар, қаладағы ең маңызды көшелердің бірі саналатын Темірлан тас жолы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі толығымен қайта сызылып, жаңартылды. Үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жол таңба сызықтарын сызу түнгі уақытта жүргізілуде. Мұның өзі күндізгі уақытта көлік кептелісін тудырмау мен қозғалысқа кедергі келтірмеу мақсатын көздейді.

Предыдущая запись
ШЫМКЕНТТЕ 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Следующая запись
Алматинец сорвал джекпот в лотерею — более 21 млн тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню