371
19 — маусымда Теріскей шағынауданындағы № 14 үйдің ауласында биіктігі шамамен 15 метрдей терек ағашы желдің күшімен құлаған. Алып ағаш авто тұрақта тұрған автокөлікті басып қалды. Абырой болғанда адамдарға зақым келмеді, деп хабарлады төтеншеліктер.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі жұмылдырылды. Құтқарушылар ағаш кесетін бензинді араны қолданып, автокөліктің үстіндегі ағашты кесіп қауіпсіз жерге шығарып тастады.
Еске салайық, 2022 жылғы 19 — маусымда Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/сек құрайтын дауылды ескерту берілген.