ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Теги:
198

Ішкі саясат және жастар істері басқармасы жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарын насихаттау бөлімінің басшысы Талғат Сәлінұлы ауданға қарасты мектеп түлектерімен кездесті.

Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы баяндалды.

Сонымен қатар Талғат Сәлінұлы түлектердің таңдаған мамандықтары бойынша оқуларын бітірген соң, мемлекеттік бағдарламар арқылы жұмысқа орналасуға болатындығын айтты. Жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында, Талғат Сәлінұлы түлектерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін еңбекші ауданының жастарымен қала басшысы кездескен болатын. Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру; «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізген болатын.

Айта кетейік, Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде.

Предыдущая запись
Түркістандық құрылысшылар өз қаржыларына 4 отбасыға үй салып берді
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню