Шымкент: лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды Күдіктіні шымкенттік полицейлер Қызылорда облысының аумағында құрықтады

Теги: ,
212

Еске салайық, 25 мамырда Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдында балалы әйелдің соңына ілескен жас жігіттің лифтіге қоса кірген болатын. Лифті ішінде ол келіншекке тап берген.

Қаратау АПБ-не арызданған әйел өз шағымында үйдің лифтінде белгісіз адам оны зорлауға тырысқанын айтқан еді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 24-120-бабы «зорлауға оқталу» бойынша тіркеуге алған.

«Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды. Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды. Соның нәтижесінде, жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Мегаполис тұрғынын жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады» , деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Предыдущая запись
Сотрудники сельхозуправления подозреваются в хищении 50 млн тенге
Следующая запись
9 млн тенге пытался вывезти пассажир авиарейса в Ташкент

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню