Шымкент қаласының білім бөлімі «Алтын белгі» иегері ең көп мектептердің тізімін жариялады.
High School мектебі 46 «Алтын белгі» иегерімен көш бастап тұр.
Екінші орында үш тілде қатар оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-интернаты – 22 жүлдегер.
Үшінші орында үш тілде оқытатын №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты. Оның 21 үздік түлегі бар.
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейде мектепті ерекше белгімен бітірген 15 бала бар.
С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінде – 14.
Үш тілде оқытатын М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда, сәл кем – 13.
Дарынды балаларға арналған №90 Дарын мамандандырылған мектебінде — 12.
А.Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназиясында -12.
Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында10 түлек «Алтын белгі» алуға лайықты екенін растады.
Үздік ондыққа бірдей нәтиже көрсеткен бес білім беру ұйымы: Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі, Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі, Е.Юсупов атындағы №89 IT мектеп-лицейі және №104 жалпы орта мектеп кірді.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласында 11 189 оқушы мектеп бітірген. Оның ішінде 444 түлек «Алтын белгі», 571-і үздік аттестат алды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда «Алтын белгіні»алу талаптары күшейтілді. «Алтын белгіні» алуға қойылатын талаптарды қатаңдату туралы шешім 2021 жылы Педагогтердің тамыз кеңесінде қабылданды. Білім министрі Асхат Аймағамбетов бұйрыққа 10 мамырда қол қойды.
Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» белгісіне 9-сыныптың қорытындысы бойынша ерекше үлгідегі аттестат алған және 10-11-сыныптардың барлық оқу тоқсандары бойынша «өте жақсы»бағалары бар оқушылар үміткер бола алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.