Шығармашылық жарысқа қала мектептерінің 5-7 сыныптарынан 24 оқушы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың патриоттық сезімін және Отанға, елдің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу болды.
Балалар патриоттық әндер байқауын өткізу идеясына үлкен құлшыныспен қарап, оған белсенді қатысты, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
«Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебінде өткен патриоттық әндер байқауы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған. Іс-шараны Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы Білім басқармасымен бірлесіп және департаменттің Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырды.
Жас таланттар туған жер, бейбітшілік пен халықтар достығы, тәуелсіздік, сондай-ақ еліміздің батырлары мен олардың ерліктері туралы көп қырлы патриоттық әндер орындады. Байқауға қатысушылармен қатар, өнер мектебінің тәрбиеленушілері домбырада қазақтың танымал күйлерін орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен.
Полицейлер мұндай іс-шараларды «балалар жылында» тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.