381
Шымкенттегі зоологиялық бақ австралиялық кенгурумен толықты. Оның есімі – Беннета. Зообақтағылардың мәліметінше, жануар Ресейден әкелінген.
«Бұл жануар жайында қызықты мәліметтер өте көп. Олар суды аз ішеді, бірнеше ай сусыз жүре алады. Жеңіл ұйықтайды. Ересек кенгурулар сағатына 60 км жылдамдықпен жүгіреді, биіктігі 3 метрге дейінгі тоқсауылдан секіре алады. Ал көбеюіне келсек, кенгурудың аналығында баласы өсіп-жетілгенше орналасатын қалташасы болады. Төрт аптадан соң туылған құрттан сәл үлкенірек, дегенмен ағзалары дамыған эмбрион анасының қалтасына еніп, 6 ай бойы қапшықта дамиды» делінген зоологиялық бақтың мәліметінде.