383
Оқиға 15 тамызда Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған. Бұл туралы төтеншеліктерге жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2021 жылы туған ұл бала ойнап жүріп, абайсызда электр сымдарын қолымен ұстап қалған.
«Ата-анасының айтуынша, үйде «Әсел» пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылу тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды» делінген ТЖД мәліметінде.