ШЫМКЕНТТЕ 80 ЖУЫҚ ГИД-ЭКСКУРСОВОД БАР

Теги:
345

Шымкент қаласы
туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік
ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй
қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтуде.

Іс-шараның
басты мақсаты — туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту
және білімін жетілдіру.

Семинар
тренингті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта
ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған Түркия,
БАӘ, Өзбекстан елінен келген шетелдік коуч мамандар мен жергілікті білікті
практиктер жүргізуде. Аталған мамандар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа
әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса,
қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу секілді
ақпараттар беруде.

«Шымкент
туристік аймаққа бай. Экскурсия жүргізушілері сол туристік обьектілердің
айнасы. Туристерді қызықтырып, қайта оралуына себепші болатын негізгі маман.
Оларды оқыту туризм саласына қосылған үлкен инвестиция. Олар біздің семинарда
саладағы негізі қағидалар мен ең мықты практикалық жаттығулардан өтеді.
Нәтижесінде өз ісін жетік білетін маман болады», — деді тренинг жүргізушісі
Наргиз Саломова.
Шымкентте 80 жуық гид-экскурсовод бар. Олардың барлығы да арнайы білімі бар,
сертификатталған болуы қажет. Олардың білімі мен біліктілігін арттыру
мақсатында Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Visit
Shymkent» туристік ақпарттық орталығы мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастыруды
қолға алған.

«Шымкентке
биыл 3 айда 97 501 турист келген. Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының
қарқынды дамып жатқандығын айқындайды. Келген туристі алдымен күтіп алатын
қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің
біліктілік дәрежесі аса маңызды. Сондықтан да сала өкілдерінің білімдерін
жетілдіру арқылы қаланың туристік әлеуетін көтере отырып, туристердің сапалы
демалуына жағдай жасаймыз» — дейді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық
орталығының жетекшісі Ерлан Умаров.

Аталған
семинар-тренинг 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға сертификат
табысталады.

Предыдущая запись
Шымкент: в этом году решится вопрос водоснабжения населенного пункта Текесу
Следующая запись
Алматы-Бішкек тас жолында жеңіл көлік пен автобус соғысып, жүргізуші мерт болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню