Шымкентте 9 жаңа инвестициялық жоба таныстырылды

Теги: , ,
465

Инвесторлар Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновке жаңа жобалар туралы баяндады. Танысытырлыған жобалардың саны тоғыз. Инвестициялар негізінен құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және әлеуметтік сала бойынша болып отыр. Wenzhou Xuzhan Investment Co., Ltd. керамика плитасын өндірісі, «ПолиТрейд Казахстан» ЖШС-нің газ және суға арналған политэлен құбырын шығаратын кәсіпорны, «Ұлан-Б» ЖШС жеміс пен көгөніс сақтайтын мұздатқышы бар қойманың құрылысы, «Kazakhstan Invest Company» мекемесі электр энергиясы өндірісіне қажетті жабдық шығаратын зауыт құрылысы, «ЮГ Oil Pro» ЖШС асфальт битиумдарын өндіретін және сақтайтын кәсіпорны, «КазТекстильПром» компаниясының жіп иіретін текстилдің құрылысы, «PAGES» ЖШС қағаз өндіретін зауыт, кәсіпкер Алтынбек Утебаев тері өнімдердің өндіретін және «Grand Nomad» ЖШС-нің спорт кешені құрылысы жобалары ұсынылды. Жоба құны 13,5 млрд теңгені құрайтын керамика плитасы өндірісі жобасы 200 адамды жұмыспен қамтуды көздеуде. Жылына 100 млн метр тамшылатып суаратын таспа мен 9000 тонна дайын полимер бұйымдарын шығаруға қауқарлы кәсіпорын 30 адамды жұмыспен қамтымақ. Асфальт битиумдарын өндіретін және сақтайтын жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Жеке инвестор жылына 255 мың тонна асфальт өндіруді қолға алмақ. Ал, 897 адамды жұмыспен қамтуға арналған текстил жобасының құны 15,2 млрд теңге. Қала әкімі жаңа өндіріс орындары қаламыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін айтты. Жаңа жобаларға индустриалды аймақтардан қажетті жер телімдері беріледі. Жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Предыдущая запись
В Шымкенте презентовали девять новых инвестиционных проектов
Следующая запись
Ақтөбе: жылыжайда қарасора өсірілген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню