Шымкентте аралардың жаппай қырылуы тіркелді

Теги: ,
327

Омарташылар бал араларын 70 пайызға дейін жоғалтып, миллиондаған шығынға ұшырап жатқанын айтып шағымдануда.

Владимир Щеберниковтың шаруашылығындағы аралар өткен аптадан бастап өле бастаған. Шаруа бұған басында мән бере қоймағанын айтады.

Владимир Щеберников, омарташы:

«Алғашқы күндері бірлі жарымы өле бастады. Оған аса мән бере қоймадым. Арада көп өтпей қырыла бастады. Егер бірден назар аударғанымда мұншалықты шығын болмас еді. Мен қазір әрқайсысынан 50 ұяшықтан жоғалтқанда жалпы саны 150 ұяшық бал арасын жоғалтып отырмын. Турасын айтқанда күнкөріссіз қалып тұрмын».

— Бал арасы шаруашылығындағылар қазір шығындарын есептеп жатыр. Әр омартадан миллион теңге деп есептеп отырмыз, күзге қарай бұл шығындар екі еселенуі мүмкін, -деді Вячеслав Марков есімді омарташы.

Омарташылар бал араларының кенеттен қырылуына жергілікті шаруаларды кінәлап отыр. Айтуларынша, тап аралардың тозаң жинау кезеңінде олар бау-бақшаларын зиянкестерге қарсы улы химикаттар шашып өңдеген. Бірақ бізге ескертпеді дейді. Салдарынан 4 омарта шаруашылығы зардап шекті. Уланған аралар ұяшықтарда әлі де көптеп өліп жатыр. Омарташылар жәндіктерді аман алып қалу үшін дәрі-дәрмекпен емдеп жатқандарын жеткізді. Алайда көмегі аз көрінеді.


«Ауру омартадан омартаға таралып жатыр. Өңдеу кезінде токсинді заттар ұяларға сіңіп қалғандықтан, онда енді жәндіктер тіршілік етпейді, оның салдары өте үлкен болуы әбден мүмкін. Өңіріміздегі аралардың барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін. Кеселге ұшыраған бал араларына төнген қауіп қазір Шымкент пен Түркістан облысындағы 500-ден астам шаруашылыққа төніп тұр, — деді өңірлік Омарташылар қауымдастығының төрағасы Төрехан Нармұхамедов.

Омарташылар шыққан шығынды ескере келе бал арасы шаруашылықтарына мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе дейді. Әр ұяшыққа 5 мың теңгеден субсидия сұрап отыр. Бал араларының қырылуы ауыл шаруашылық басқармасының да назарында. Шенеуніктер шығынды есептеп, омарташылар мен бағбандар арасындағы мәселене нүкте қоймақ.


«Алдағы уақытта мұндай қиындық туындамас үшін өңдеу кестесі келісілді. Ал субсидия мәселесі Шымкентте статистикалық есеп беруге қатысты ереженің өзгеруіне байланысты тоқтатылған. Мемлекеттен қаржылық қолдау алу үшін омарташылар заңды тұлға ретінде тіркелуі қажет»,- деп хабарлады Ауыл шаруашылық басқармасының бөлім жетекшісі Әбунасыр Жанбатыров.

Предыдущая запись
Орал: Жарты миллиард теңге жымқырған оралдық шенеунік өзінің істі болуына қылмыс әлемінің серкесін кінәлады
Следующая запись
Түркістан: жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню