Шымкентте бір ауданның тұрғын үйлеріне ұрлыққа түскен азамат үш жылға сотталды

Теги: ,
305

32 жастағы азамат бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында үш тұрғын үйге заңсыз кіріп, жасырын түрде тұрмыстық заттары мен алтын бұйымдарын ұрлаған. Үй иелеріне жалпы құны 914 000 теңге сомасында шығын келтірген.

Аталған жайт бойынша үй иелері Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы арызданған.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында куәлерден жауап алынып, үйлерге жақын маңдағы бейнебақылау камералары мұқият қаралды.

Ұрлыққа қатысы бар азамат қала аумағынан ұсталды. Ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, материалдық жағдайын көтеру үшін ұрлық жасауды жоспарлап, осындай қадамға барғанын айтты. Сондай-ақ, ұрлаған заттарын арзан бағада сатып, ақшаны жеке бас пайдасына жаратқаны белгілі болды.

Күдікті тәртіп сақшыларын өз еркімен оқиға орын алған жерлерге ертіп барып, қылмыстық іс-әрекеттерін қалай жүзеге асырғанын және оқиғаның қалай басталып, өрбігенін баяндап берді.

Азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарында (Ұрлық) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға мүмкіндігінше жеке үй-жайлардың терезелеріне темір тор, есіктерге сенімді құлып орнатып, бейнебақылау камераларымен жабдықтауды сұрайды.

Предыдущая запись
Шымкент: жиһаз сатамын деп алданып қалды
Следующая запись
Түркістан дәрігерлері аса күрделі отаны сәтті жасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню