​Шымкентте дүкенге келген ер кісі азық-түлікті үйіп-төгіп алып, ақшасын төлемей кеткен

Теги: , ,
382

Шымкентте жұмыссыз жүрген ер кісі дүкенге келіп күнделікті ішіп-жемін тегін алғысы келген. Ол үшін айласын асырып та үлгерген. Оқиға азық-түлік дүкендерінің бірінде күндізгі уақытта орын алған.

Бұл жайт бойынша Абай ауданының полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында бөгде азамат өзіне тиесілі дүкеннен шұжық, нан, ірімшік өнімдерін алып, ақшасын төлемей кеткенін көрсеткен. Ер кісі кассирге телефон қосымшасындағы жалған түбіртекті көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жалпы келтірілген шығын – 58 850 теңге.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол жергілікті жердің тұрғыны болып шықты. Жасы — 43-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Мұндай қадамға қаржыдан қысылғандықтан барған екен.

Предыдущая запись
Мемлекеттік қызметкер, қандай болу керек?
Следующая запись
Жан түршігерлік жол апаты: Алматыда анасы мен қызын көлік қағып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню