Шымкентте есірткіні 11 мың теңгеден сатып келген бойжеткен сотталды

Теги: ,
215

Шымкентте есірткі бизнесін дөңгелетіп келген 27 жастағы бойжеткенге сот үкімі шықты. Синтетикалық есірткі сатып, ақша тауып келген оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«27 жастағы азаматша өткен жылдың маусым айында «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткі затын полиэтилен пакетке салып, 11 мың теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған еді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге) қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Іс сотқа жолданып, оның барысында аталған азаматшаның кінәсі толығымен дәлелін тапқан» делінген қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.

Бойжеткенге қатысты қылмыстық іс Әл-Фараби аудандық сотында қаралды. Сот үкімімен оның кінәсі толықтай дәлелденген.

«Сотталушы бұған дейін Түркістан облысы, Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліпті. Осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп қосты ведомствадағылар.

Предыдущая запись
С 7 августа в Костанайской области ищут пятилетнюю Мадину Ерланкызы
Следующая запись
Убийство матери и двоих детей — соседи слышали крики о помощи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню