Шымкентте Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшыларына сот үкімі шықты

Теги: ,
467

21 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З.Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М.Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С.Тұрсынбековке және «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС-ның құрылтайшысы К.К.Қожахметовке үкім шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушылар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.

Сот үкімімен Е.З.Мараимов 8 жыл мерзімге, А.Ағабек 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Қожахметов 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С.Тұрсынбековке 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
Шымкентте колледж жатақханасында студент көз жұмды
Следующая запись
Кентауда қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца жеген тұрғындар жаппай уланған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню