407
Шымкенте көлік жуу бекетінде жазатайым оқиға орын алды. Ғимарат құрылысын жүргізіп жатқан 47 жастағы жалдамалы жұмысшыны тоқ ұрып, өлім аузынан қалды.
«Оқиға Темірлан тас жолының № 1/2 учаскесінде орын алды. «Айдос» ЖК тиесілі аумақта салынып жатқан көлік жуу ғимаратында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1975 жылы дүниеге келген жалдамалы жұмысшыны электр тоғы ұрды. Денесінің 30-35% күйген, II-III дәрежелі күйік шалу диагнозымен ер кісі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа»,-деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.