439
Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің дерегінше, оқыс жағдай Қайтпас-1 шағын ауданы аумағында болды. Қаза тапқан жеткіншектің жанында болған достарының сөзінше ол суға абайсызда құлап кеткен көрінеді. Бұл суға шомылуға жабдықталмаған жер, яғни карьер орнына жер асты сулары жиналу нәтижесінде пайда болған кішігірім су айдыны.
15 жастағы баланың нақты неден қайтыс болғаны тиісті сараптамадан соң анықталмақ. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
Жастар суға әдейі шомылуға келген бе, жоқ па ол жағы белгісіз. Мәйітті судан алып шыққан сүңгіуірлер оның үстінде киімі болмағанын айтты. Соған қарағанда жас жігіт суға шомылу үшін түсуі де мүмкін дейді алдын ала болжам жасаған төтеншеліктер.