519
Шымкентте Орманов көшесі бойында орналасқан «Қазақ көзі көрмейтіндер» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты мақта түту цехында өрт шықты. Цехтың жалпы аумағы 80х40 шаршы метрді құрайды. Соның 84 шаршы метр жердегі мақта және ағаш сөрелері жанып кетті.
«Өрт сағат 16:26-да оқшауланып, сағат 17-12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қызыл жалынды сөндіру 5 техника, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды»,-деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.