Шымкентте түрме бастығы тоғыз жылға сотталды

Теги: ,
407

ИЧ 1673 түзеу мекемесінің бастығы сотталғандардан пара алғаны үшін жауапқа тартылған еді. Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, ол жазасын өтеп жатқан алты адамнан 4 млн теңге көлемінде пара алған.

Еркебұлан Төлешов, Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы:

Іс бойынша Жүнісбеков мекеме басшысы бола тұра 6 сотталған азаматтан 4 млн теңге мөлшерінде пара алған. Ол параны осы алты азаматтарға қатысты жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен шартты түрде бұрын босату немесе жеңіл мекемеге ауыстыру бойынша алған. Яғни тездетіп құжаттарды сотқа жіберу, жағымды мінездеме беру, көмектесу бойынша пара ретінде алған.

Алты көрініс бойынша Жүнісбековтың кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенменде алты азаматтың жауаптары, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере келе сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: көршісінің атынан екі несие рәсімдеген
Следующая запись
Пятеро организаторов финпирамиды World Business Consulting объявлены в розыск

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню