373
Шымкентте бұрынғы кірпіш зауытының аймағындағы жекеменшік серіктестікке тиесілі бір қабатты қойма өртенді. Оқиға бүгін, 21 шілде күні болған. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимарат П-тәрізді, аумағында ішінара 2 қабатты қосымша ғимараттар бар.
Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. Өрттің жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын сағат 17.07-де оқшауланды. Оған өрт сөндіру қызметінің 120 қызметкері, 25 техника, 1 өрт пойызы мен апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Төтеншеліктер қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен материалдық зиянның мөлшерін анықтап жатыр.