437
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіндегілер «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықтаған.
Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары тәркіленді.
Ведомство мәліметінше, іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.