Шымкентте жаңа өндіріс орны ашылды

Теги: ,
497

Бүгін Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында қала күні мерекесі қарсаңында қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны ашылды.

Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл мерзімінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін айтып өтті.


— Бүгінгі таңда «Тассай» ИА-да жалпы инвестициялық сомасы шамасымен 45 млрд. теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін береді деген сенімдемін. Баршаңызды қала күнімен құттықтай отыра, жобаның ары қарай өсіп өркендеуіне тілек білдіремін, — деді.


3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған.


Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар.


«Тассай» индустриалды аймағында барлығы да халықаралық талапқа сай өнім өндіруге мүдделі. Мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндіктер аймақ ажарын арттыра түспек. Инфрақұрылымға кеткен шығын кәсіпкерлердің төлеген салық есебінен-ақ өтеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы»деп аталатын салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл күнделікті қолданылатын тауарлар мен қызметтер. Оларға тоқыма және жиһаз, тамақ өндірісі және тағы басқалар кіреді.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту — бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мақсаты — халықтың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру мақсатында бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

Бағдарламаның 5 тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары қаржыландыруға жатпайды:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін;

кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру сәтінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;

қаржыландыруды жүзеге асыратын ЕДБ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылады.

құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдар (ӘКК-ні қоспағанда, сондай-ақ МЖӘ туралы шарт шеңберінде құрылған Субъектілер), олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген субъектілер және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Кредиттеу бағдарламасын тиімді іске асыру 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде кредиттелетін тауарлар бойынша импорт үлесін 59% — дан 37% — ға дейін төмендетуге, 16 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға, салық түсімдерін 1,1 трлн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Предыдущая запись
​В Шымкенте запущен завод по производству медицинских изделий
Следующая запись
Ақтөбе: «Парасат» тұрғын алабының халқы биліктен үйлеріне коммуникация желісін өткізуді сұрайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню