Шымкентте жаңа оқушылар сарайы мен музыкалық мектеп салынады

Теги: , ,
476

Шаһарда биыл 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 203 мектепте «Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті.

Оқу жылын 242 525 оқушы аяқтаса, оның ішінде 11 189 бала мектептен түлеп ұшты. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер.

Мектеп бітірушілер мен ұстаздарды құттықтау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов № 90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназияның соңғы қоңырау шарасына қатысты.

Қала басшысы барша мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, өмір жолында табысты болуды тіледі.

«Мемлекетімізде оқимын, білемін, танимын деген оқушылар үшін жағдай жасалған. Әсіресе, шәкірттеріне білім, тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауда еркіндік пен өз-өзіне деген сенімділік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қаламыздың барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, ұл-қыздарымыз болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр. Өмірде жолдарыңыз ашық болсын!»,-деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, осы жазда 7 мыңнан астам көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына жазғы сауықтыру лагерьлеріне тегін жолдама беріледі. Одан бөлек балалар үйінен — 147 бала, дарын мектептерінде оқитын — 260 оқушы бюджеттік қаражат есебінен демалатын болады. Сондай-ақ, балалар жазғы уақыттарын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмелермен де қамтылады. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңіріміздің тарихи-мәдени жерлеріне саяхаттар ұйымдастырылып тұрмақ.

2021-2022 оқу жылының ауыз толтырып айтар жаңалығы баршылық. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарланып отыр. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.

Білім сапасын арттыру, білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру үшін 26 -мамыр мен 17- маусым аралығында 1-8, 10 сынып оқушылары (9-сынып түлектері – өз қалауы бойынша) үшін жазғы мектеп өтеді. Оған 143 757 оқушыны қамту жоспарлануда.

Предыдущая запись
Шымкентте биыл 348 шақырым жол жөнделеді
Следующая запись
В 2022 году в Алматы вакцинируют от бешенства 36 тыс. собак и 8 тыс. кошек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню