Жаңа аялдама кешендері, 4G технологиясы бар станция – үшінші мегаполисте қандай жаңалық бар

Теги: , ,
362

Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті.

Мұрат Әйтеновтің Еңбекші аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 өзекті мәселе талқыланды.

Аталған мәселелердің 15-і орындалды, 10-ы бақылауға алынды – олар келер жылы шешімін табады. 23-і жыл соңына дейін орындалады.

Шешілген мәселелердің ішінде:

— Базарқақпа тұрғын алабында екі шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

– «Қаратөбе» аумағының 12 мың тұрғыны «Шаңырақ» шағын ауданында жаңадан салынған «Дария Медикус» емханасына бекітілді.

– Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елді мекендеріндегі 3 мың үйге 16 миллион текше метр лимит бекітіліп, оның аясында су тарту жұмыстары ұйымдастырылды.

– «Сызық ата» бейітіне апаратын жол төселді.

— Жол қиылысында орналасқан екі трансформатор қоршалып, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-інің жеті электр бағанасы ауыстырылды.

–«Маятас» тұрғын алабының Мұнайшылар көшесі бойындағы балалар алаңына алты электр бағанасы орнатылды.

– Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас елді мекендерінде барлығы 20 жол белгісі мен аялдама павильондары орнатылды.

– Елтай және Тоғыс елді мекендерінде 4G технологиясы бар базалық станция орнатылды.

– «Қазығұрт» шағын ауданында Елтай, Айнатас, Тоғыс, Жыланбұзған, Маятас елді мекендеріне аумақтық төлқұжаттар стендтері орнатылды.

Мұрат Әйтенов қала аумағына енген елді мекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту басты назарда екенін атап өтті.

Предыдущая запись
Новые остановочные комплексы, станция с технологией 4G – что нового появилось в третьем мегаполисе
Следующая запись
Батыс Қазақстан облысы: салынып бітпеген түрме жастар кешеніне айналуы мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню