419
Жөргекке оралған нәрестені жедел жәрдем қызметінің колл-орталығына екі қыз әкеп тапсырған. Олардың сөзінше, жылап жатқан шақалақты Рысқұлов пен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы ойын алаңшасынан тапқан.
Құндақтаулы баланы қараған дәрігерлер оның жағдайы ауыр, тұрақты екенін айтқан. Ұл бала екі күн бұрын ғана туылған екен. Салмағы – 3 келі, бойы -50 см. Азият нәсілді.
Нәрестенің ол жерде қанша уақыт жатқаны әзірге белгісіз. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.