ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

294

Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған мәселелер жөнінде өз ойын ортаға салды. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, жүргізіп отырды.

–Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда жарияланған Жолдауында сот жүйесіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті. Соның ішінде аудандық сот мен сот алқасы төрағаларын тағайындауға кеңінен тоқталды. Аудандық сот пен сот алқасының төрағасы бұрын тағайындалатын. Президент оны өзара ұжымда сайлау өткізуді ұсынды. Нәтижесінде, аудандық сот пен сот алқасының төрағалары «аға судья» деп аталуы мүмкін. Екіншіден – барлық деңгейдегі судьялардың мәртебесін теңестіруді алға тартты. Қазір аудандық соттар бірнеше бағытқа бөлінген. Азаматтық сот, экономикалық, қылмыстық сот тағы да өзге бағыттар бар. Олардың еңбекақысы әр түрлі. Енді олардың мәртебесі де, еңбекақысы да теңестіріледі. Отыз жылдан бері сот жүйесі реформаланып келді. Соның арқасында сот саласында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда қазір елімізде судьялар дербес, әрі атқарушы биліктің сот жұмысына араласуына жол берілмейді. Президент тапсырмасы бойынша енді судьялардың деңгейі артып, одан жоғары тұрған биліктің сот жұмысына ықпал етуіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Жолдауда аппеляциялық соттың мүмкіндігін жетілдіру мәселесі де көтерілген. Аппеляциялық сотта істің заңдылығын зерттеу механизмін қайта қарауды және жетілдіруді тапсырды, -деді алқа мәжілісінде сөз алған ардагер судья Ақылбек Елшібаев.

Жиында ардагерлер кеңесінің мүшелері Жолдаудағы 5 бағыт бойынша баяндама жасады. Әр ардагер өз саласына қатысты бағытқа пікір білдіріп, ойымен бөлісті.

Предыдущая запись
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Следующая запись
Казгидромет: ​Самый грязный воздух в стране — в Нур-Султане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню