​​Шымкенттік жас бойжеткен 15 адамды сан соқтырып кетті

Теги: ,
352

Түркістанда тұрғындарды алдап кеткен жас қыз ұсталды. Жәбірленушілердің бірі полицияға арызданған. Ер адамның айтуынша, оның әйелін жақын таныс емес жас қыз алдап кеткен. Алаяқ аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 800 мың теңге алған. Алайда арадан 1 жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-тергеу тобы жұмысының нәтижесінде күдікті бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда жас қыз қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Күдіктінің жалпы 15 алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі — 4 миллион теңгеге жуық. Бойжеткен қыз қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген.

Предыдущая запись
​​Аким Шымкента встретился с представителями религиозных объединений
Следующая запись
​111 предпринимателей Шымкента едва не пострадали от действий госорганов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню