Өскенде полицей болғысы келетін 1-сынып оқушысы желіде қызу талқыланып жатыр

Теги: ,
338

Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған балақай болашақта полицей болғысы келеді. Бұл туралы ол өзін Білім күнімен құттықтаған тәртіп сақшысына айтты. Оның видеосы ТікТок желісінде жарияланды.

Видеода өзін Әлижан деп таныстырған оқушы жас полицей қыздың «Өскенде кім болғың келеді?» деген сұрағына ойланбастан тәртіп сақшысы болғысы келетінін айтады. Ол неліктен бұл мамандық ұнайтынын да жеткізеді. Баланың айтуынша, полицейлер халықты қорғайды. Ол да өскенде ел тұрғындарын қорғағысы келеді.

Осы сәтте форма киген шенді қызметкер оған қызметтік бас киімін кигізіп, суретке түсіріп алады.

«Бәлкім 10-11 жылдан кейін сен армандаған мамандықтың иесі болып, расымен де өз формаңды киіп жүретін боларсың. Сол кезде осы суретті еске аласың»,-дейді полицей.

Видеоны көрген желідегілер кішкентай баланың арманы орындалуына тілекші болса, енді бірі оған мамандық таңдауда қателесуге болмайтынын айтты.

«Жарайсың, балақай», «Халқымыз тыныш, еліміз аман болсын», «Өмір әлі алда, маңдайға жазылғаны болады. Қандай жұмыс болса да тек адалынан болсын», «Өскен соң ойың басқаша болады», «Әкім болатын балаға ұқсайды», «Дені дұрыс полицей болады деп үміттенемін», «Бізде көбі тек бала күнінде тәртіп сақшысы болғысы келетіні өкінішті. Өскен соң бәрін түсінеді» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
Антикор қызметкерлері ҚТЖ-ның шымкенттік филиалын тексеруді бастады
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню