Сыртқы істер министрлігінің сотталған экс-шенеуніктері ақталып шықты

Теги: ,
380

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы хатшысына, Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы Елшісіне және «Дипломатиялық қалашық құрылысы дирекциясы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі қарады.

Қалалық соттың мәліметінше, апелляциялық алқа іс жүзінде «қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» құрамының құрамдас бөлігі болып табылатын залал жоқ деген қорытындыға келді.

ҚР СІМ-нің бұрынғы хатшысының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы Елшісі мен мердігерлік ұйымның директоры жәрдемдесуі нәтижесінде туындаған іс-әрекет пен салдар арасындағы себеп-салдарлық байланыс айыптаумен дәлелденбеген.

«Сот тергеуі барысында апелляциялық сатыда СІМ бұрынғы хатшысының қызмет бабын теріс пайдаланғаны және бұрынғы Елші мен ЖШС директоры тарапынан жәрдем берілгені расталмады. Істі қарау нәтижелері бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен ақтау үкімі шығарылды» делінген сот мәліметінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 сотының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі үкімімен А.Қарашев (ҚР СІМ-нің бұрынғы жауапты хатшысы) лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, ал Е.Өтембаев (ҚР Өзбекстандағы бұрынғы елшісі) және Б.Нұрекенов (мердігерлік ұйымның директоры) — аталған іс-әрекеттерге жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылған болатын.

Предыдущая запись
Шымкент қаласының тұрғыны өз қолымен автодом жинады
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: 276-ОРАМҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню