​Тұрғын үй алдында жас жігітпен ерегіскен шымкенттік оны тапаншамен атып тастады

Теги: ,
280

Шымкентте 23 жастағы екі жігіттің ерегіс соңында бірі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт құрдасын тапаншамен атқан. Бұл туралы полицияға ауруханалардың бірінен таңғы сағат 7:00-де хабар келіп түскен.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде Шымкент қаласының 23 жастағы тұрғыны қала аумағында қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда» делінген ведомство мәліметінде.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті ерегіс кезінде қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің алдында атыс қаруымен оқ атқан. Салдарынан жәбірленуші асқазан аумағынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Жауап алу кезінде жас жігіт қаруды қайда жасырғандығын көрсетіп, аталған мекенжайдан айғақты зат ретінде «Макаров» тапаншасы мен 3 дана оқ тәркіленіп алынды. Алынған заттай дәлелдемелерге тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсталған азамат бұған дейін Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) және 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша екі рет сотты болған екен.

Предыдущая запись
Таразда Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай ескерткіш ашылды
Следующая запись
​Таразда танысына сенген келіншек 2 млн ақшасынан айырылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню