Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға кім өтініш бере алады

Теги: , ,
198

Жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасын тұрғын үй кезегінде тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы отбасылар пайдалана алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға өтініштер қабылдануда. Қазіргі таңда үй кезегінде тұрған 1201 адамға тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға рұқсат берілді. Тұрғын үй басқармасымен және «Отбасы банкі» АҚ-мен келісім-шарттар жасалған.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөлiнгеннен кейiн тұрғын үйдi субсидиялауға өтiнiшi мақұлданған азаматтарға тұрғын үйдi жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет төлейдi. Субсидияланатын ең жоғары мөлшерді отбасы мүшелерінің санына байланысты мемлекет бекітеді, ол 85 678 теңгеден аспайды.

Соңғы 6 айдағы субсидияланатын тұрғын үй алуға үміткерлер қатарынан отбасылардың әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінен орташа жиынтық табысы 36 018 теңгеден аспауы тиіс (01.01.2022 ж.).

Бүгінгі таңда өтінімдер www.otbasybank.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану арқылы қабылдануда. Үміткердің банкте шоты болуы керек.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының (азаматтың) соңғы алты айдағы әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспайтын жиынтық табысының болуы;

3) тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке қойылғанын және тұрғын үйге мұқтаж тұлға мәртебесін растау

4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Азаматтар тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау туралы қосымша ақпаратты Бейбітшілік көшесі, 3 мекенжайы бойынша «Аманат» партиясы қалалық филиалында орналасқан «Отбасы банкі» қызметкерлерінен ала алады.

Предыдущая запись
Кто из шымкентцев может претендовать на субсидирование арендной платы за жилье
Следующая запись
Гимнастки Шымкента завоевали четыре медали на Чемпионате Азии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню