Түркістан облысы: 40 миллионнан астам теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған ер адам 5,5 жылға сотталды

Теги: ,
387

2021 жылдың желтоқсан айында Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын келіп, белгісіз тұлғалар үйіне заңсыз терезе арқылы кіріп, алтын бұйым, бриллианттарын ұрлап, аса ірі көлемде шығын келтіргенін айтып арызданған.

Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұдан алдында да ұрлық қылмысымен сотты болып, оған қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жас жігіт болып шықты. Алайда күдікті жазасын толық өтемеген. Сонда да өзінің соттылығына қарамастан, қайта қылмыс жасап жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды жымқырған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Полицейлер анықтағандай, жас жігіт негізінен түнгі мезгілде үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғынға тиесілі үйдің ішінен алтындарды, бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. Ал ұрлап алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Полицейлер аталған істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. «Нәтижесінде сот үкімі бойынша күдіктінің алдыңғы жазасының өтелмеген бөлігі қоса есептеліп, 24 жастағы жас жігіт 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
«Вешалка дороже кофточки»: как супруги из Нур-Султана помогают малообеспеченным семьям
Следующая запись
Необычное хобби: мама троих детей покоряет всемирно известные вершины

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню