Түркістан облысы: балмұздақ цехының суы Бадам өзеніне құйылып келгені рас па?

Теги: ,
644

Төлеби ауданының тұрғындары балмұздақ шығаратын цехтың шайынды сулары ауыл ішімен ағатын Бадам өзеніне әдейілеп құйылып жатыр деп дабыл қаққан болатын. Бұл сөздеріне дәлел ретінде бірнеше видео түсіріп алған. Алғашқы түсірілімде видео авторы әппақ боп құбырдан құйылып жатқан қалдықтардың 21-маусым 2022 жылы түсірілгенін айтқан. Алайда 11-шілде күні де айта соққанда шайынды судың түсі өзгергенімен әлі де сарылдап кәсіпорын жақтан келіп жатқанын көрсеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша ELITAR.KZ тілшілері Төлеби ауданына барып, жағдайға қанықты.

Бірінші мамыр ауылдық округі тұрғындарының айтуынша, қалдық суды Бадам өзеніне құю жағдайын бір биыл байқамаған.

«Халық бекерден бекер шырылдап жүрген жоқпыз. Бірінші жыл емес біздің бұл мәселені көтеріп жатқанымызға. Бұл судың ақ түсті ғана емес, қызыл-көк түсті болып ағып жатқанын да өз көзіммен көргенмін. Сасық иістен тыныс алу мүмкін болмай қалады. Қазір балам үйде ауырып жатыр. Іші өтеді, құсады. Осы судан көремін өзім. Мына су күні-түні ағып жатады. Қайбір күні күндізгі төртте келдім, сарылдап ағып жатыр», — деді Тағайна ауылының тұрғыны Меруерт Жұмаева.

Жанар Ажибаева , Киелітас ауылының тұрғыны:



Бәріне зиян боп жатырм бұл су. Бұл судан егіп суарамыз, мал су ішіде.і Балаларымыз шомылады. Жаз шыға судан шықпайтын баларамызы қайта-қата ауырып қалып жатыр. Күн ыстық. Бәріміздің шомылғымыз-ақ келеді. Судың иісі жаман, мүмкін емес иісі.

«Балаларымыз шомыла алмайды. Алергия шығып жатыр. Осы қалдық судың қоспаларынан деп ойлаймын. Менің кішкентай балам өткенде шомылдырғаннан кейін іші ауырып, құсып жатыр қазір. Бәрі осы қалдықты өзенге ағызғаннан деп ойлаймын. Бұл суға біздің Тағайна ауылы ғана емес көршілес Ақайдар ауылы , Киелітас ауылы да түседі, малын суарады. Леңгірдің халқы осында кеп шомылады ғой. Бұрындары балық көп болатын бұл суда. Қазір бақаның өзі қалмады. Сыртта өліп жатқанын көреміз. Біздің талап балмұздақ цехын жапсын деп жатанымыз жоқ. Тек қалдық суды өзенге құймаса екен», -деді Мафтуна Омаргалиева есімді тұрғын.

Қазір осы жағдайға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қалдық судың төгілуіне байланысты серіктестікке 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

«Хаттамада рәсімдеген кезде сол балмұздақ мекемесінің басшысы барлық көрсетілген кемшіліктермен келісіп, өзі хаттамаға мақұлданған түрде қол қоййылады, соның негізінде біздің басқарма тарапынан арнайы қаулы шығарылып, республикалық бюджетке 310 АЕК көлемінде 1 миллионға жуық теңге көлемінде әкімшілік іс қозғап, айыппұл салынды». деді Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов.

Тұрғындар айтқан шайынды су соңғы тәуліктерде ағып тұрған жоқ. Оған біздің тілшілеріміз де куә болды. Өзенге жер астымен әкелінген құбырдан қалдық су сарылдап жатпағанмен шылжырай ағуда.


Ал серіктестік өкілі бұл құбырдың өздеріне еш қатысы жоғын көлденең тартты. Айтуынша, осы құбырмен ауылдың жауын-шашын суы ағып келетін көрінеді. Ал әлеуметтік желіде әппақ болып аққан суды сүт таситын автокөліктердің цистерна ішін шайған суды бетон арыққа құйып кеткені деп айтты. Өзін «Балмұздақ» ЖШС-нің заңгері Ералы Ашраповпын деп таныстырған азамат дәл қазір су тап-таза боп ағып жатқанын дәлел қылуда:

«Бұл құбырды біз қоймағанбыз. Бұл «Балмұздақтан бұрын 1980 жылдары лимонад шығатын цех кезінен бар құбыр. Ол құбырмен ауылдың жауын-шашын сулары арық арқылы ағып келеді. Ал өткендегі аппақ болып өзенге құйылып жатқан видеодағы көріністің бізге қатысы жоқ. Оны сүт таситын көліктер ғимараттың сыртындағы арыққа төгіп кеткен.НЕгізі айыппұлды соларға салуы керек еді. Сондықтан салынған айыппұлды негізсіз деп санаймын. Ал біздің қалдық сулар үлкен ыдысқа сақталып, арнайы көлік арқылы ауданның шайынды сулары жиналатын жерге апарып төгіледі.»

Қазір ауданда жасырын жүргізілген құбырды алып тастау жағы қарастырылып жатыр.

«Аудандық мәслихаттың шешімімен құрылған өкімге сәйкес бұл құбыр алынатын болады. Бұл құбыр көріп тұрғанымыздай кеше бүгін тартылған құбыр емес. Дылдар бойы жер астымен әкелінгені көрініп тұр. Егер сол құбырлар алынғабаған жағдайда жұмысшы топ ары қарап бұны қоғамдық мәселеге салып, қосымша қайтадан заңменен ары қарап бір шара көретін болады. Әзірге мекеме басшылары құбырды аламыз деп уәдесін беріп отыр» , — деді Бірінші мамыр ауылдық округінің әкімі Ханай Әшірбаев.

Предыдущая запись
В Шымкенте гроссмейстер провела односессионную игру с представителями туриндустрии
Следующая запись
В Шымкенте вынесли приговоры участникам январских событий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню