Түркістан облысы: Сайрам ауданында 1,8 миллион ақшасы бар сейф қолды болған

Теги: ,
367

Қомақты қаржы Сайрам ауданындағы жылыжайлардың бірінен ұрланған. Полицияға арызданған азаматтың айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулердің оның жылыжай аумағына кіріп, 1,8 миллионға жуық ақшасы бар темір сейфті көтеріп кеткен. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен, оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы ұрлық жасағандары көп ұзамай ұстады. Бөтеннің мүлкін жымқырып, ірі көлемде шығын келтірді деген күдікпен жергілікті үш жас жігіт ұсталды.

«Жау алыстан келмейді» дегендей, күдіктінің бірі бұрын осы жылыжайда жұмысшы болған жас жігіт болып шықты. Ақша керек болған жастар, түнгі уақытта жолын тауып, жылыжайдың қоймасына ұрлыққа түсіп, сейфті қолды еткен. Олар сейфтен шыққан ақшаны теңдей бөліп алыпты. Айғақты зат ретінде ақша мен сейф алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» — деп хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
В Шымкенте гвардейцы за один вечер обезвредили мужчину и вернули ребенка родителям
Следующая запись
АТЫРАУ: 60 шақты өрт сөндіруші жалақы көтеруді талап етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню