Түркістан облысы: Түлкібас ауданында түлектер өмірден өткен сыныптасының отбасына үй сыйлады

Теги: ,
218

Бүгін Түлкібас ауданындағы Абай мектеп-лицейінің және Б.Садықов жалпы орта мектебінің 2002 жылы түлеп ұшқан түлектері бірге оқыған сыныптас достарының соңында қалған жарына аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі өмірден өткен Айкерім Сыздықова осы уақытқа дейін үш перзентімен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Мұны естіген күйеуінің сыныптастары 20 жылдықта той тойлап, думандатқанша, өмірден өткен достың әруағына құран бағыштап, қиындыққа душар болған әйеліне үй сыйлауды өзара шешкен», — дейді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Түлкібас ауданында 15 жылдан бері игі дәстүр жалғасын тауып келеді. Ол – мектеп түлектерінің қайырымдылыққа үлес қосып, мұқтаждарға баспана әперуі.

Предыдущая запись
Выпускники тюлькубасской школы подарили дом вдове и детям своего одноклассника
Следующая запись
Подпольное казино выявили в одном из кафе Костаная

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню