Түркістан облысы: Жетісай ауданының 30 жастағы тұрғыны күйеуінің таяғынан соң көз жұмды

Теги: ,
708

Түрлі дене дарақатын алған келіншек алты күн бойы ауруханада ес жимаған. Үлгілі ауылының тұрғыны түн ортасында келіп, әйелін аяусыз ұрып соққан. Денесінің сау тамтығы қалмаған көпбалалы ана 22-маусым күні жан тапсырды. Қазір әйеліне озбырлық танытқан күдікті қамауда. Марқұмның артында үш ұлы, бір қызы қалды. Оның үлкені 8 жасар, кішісі 11 айлық бала. Полиция «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабымен іс қозғаған.

Гүлнар Әбдірахманқызы, Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Бұл жағдай 11-маусым күні болған. Жансақтау бөліміне әйел адамның қатты соққы алып, түрлі дене жарақатымен түскен туралы хабарлама келіп түсті. Оның күйеуі 14-маусым күні қамауға алынды. ҚР ҚК 106 бабы 1-бөлігімен сол кезде іс қозғалған. Ал 22-маусым күні жас әйелдің есін жимастан қайтыс болуына байланысты аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106 бабының 3-ші бөлігімен қайта сараланып, бүгінгі күні толыққанды сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның мұндай қадамға есірткінің әсерінен баруы мүмкін екенін жазууда. Сараптама қорытындысы әлі шықпағанын алға тартқан полиция әзірге бұл ақпаратқа қатысты мәлімет айтпады.

Қазіргі таңда анасынан айрылған төрт бала ата-әжесінің қарауында. Ауыр қылмысты көзбен көрген балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Предыдущая запись
Шымкент: қатты ыстықтан автокөлікте болған газ баллоны жарылды
Следующая запись
В Караганде почтили память военного, погибшего во время январских событий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню