395
Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің танысына 8 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы қамбар ата төлдерін сатып жіберіпті. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге.
Полицияның дерегінше, күдікті жас жігіт жәбірленушінің жылқышысы болып жұмыс істеген. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.