Қазір олардың құжаттары құзырлы орындарға тексеру үшін жіберілген. Бұл ақпаратты Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты. Басқарма басшысы ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды теріске шығармады.
«Иә, өкінішке орай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырмыз. Сондықтанда әлеуметтік желідегі болып жатқан барлық мәселелерді жіті қадағалап отырмыз, бақылап та отырмыз. Иә, енді ондай мәселелер өкінішке орай орын алды деп есептелініп жатыр. Бұл жайында біз ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жасау үшін сол сертификаттардың барлығын біз жолдадық. Қазіргі уақытта үміттенеміз құзыретті органдар бізге анық-қанығын айтып береді деп. Одан кейін міндетті түрде бұл жерде мен әріптестеріме де айтқым келеді: жалған диплом, жалған сертификатпен білім ошақтарында академиялық шындықты сақтамайтын мұғалімдер олардың әрі қарай жұмыс істеуіне де моралдық құқығы жоқ деп мен есептеймін», — деді Дінислам Болатханұлы.