Түркістан облысында ауыз су құбырынан шыққан жылан жұртты шошытты

Теги: ,
481

Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай ауылдық округінде тұрғындардың бірінің ауласындағы ауыз су құбырынан өлі жылан шықты. Оны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Үй иесі құбырға кептеліп қалған жыланды барынша тартып, суырып алады. Күнделікті тұтынып жүрген ауыз су құбырынан шыққан жылан ұзындығы шамамен 1,5 метрдей. Бұл видео тұрғындар арасында лезде тарап, жұрттың зәресін алып отыр.

Ал ауыз сумен қамтамасыз етуші «Бәйдібек су» коммуналдық мекемесіндегілер халықты сабырға шақырды. Өйткені жылан су құбырының ішінде жүрмеген. Ол ашық тұрған құбыр аузына сырттан кірген деп сендірді жауаптылар. Дегенмен мамандар Боралдай ауылының ауыз су жинайтын резервуары мен құбырларының суы толық төгіліп, «Бәйдібек су» мекемесі тарапынан залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Предыдущая запись
​2,9 млрд тенге получили 102 руководителя нацкомпаний в 2020 году
Следующая запись
Ақтөбеде газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню