Түркістан облысында жас жігіт салмағы 43 келі қошқарды 1 111 рет көтерді

Теги: ,
363

Түркістан облысы, Арыс қаласында қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлері жарысында жергілікті тұрғын көпті таң қалдырды. Жарыс қатысушысы салмағы 43 келі қошқарды 1 111 рет көтеріп, рекорд жаңартты.

Ұлттық спорт түрлерінен өткен додада тек Арыс қаласы емес, Түркістан облысының аудандарымен қатар Шымкенттен келген қатысушылар да бақ сынады. Олар арқан тарту, қол күрес, қошқар көтеру, гір тасын көтеруден кіл мықтыны анықтады.

Спорттық сайыстардың ішінде көпшіліктің назарын аударғаны «Қошқар көтеру» сайысы болды. Қарсыластарын шаң қаптырған Азамат Мақұлбеков салмағы 43 келі болатын қошқарды 1 111 рет көтеріп, бас жүлдені иеленді. Осылайша жас жігіт Арыс қаласының жаңа рекордын орнатты. Қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архатқа II-орын, 150 рет көтерген Данияр Айтбекке III-орын бұйырды.

Жарыс жеңімпазы Азамат Мақұбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Қалалық әкімдіктің берген мәліметінше, ерлермен бірге қошқар көтеру сынында арыстық бойжеткен Ақнұр Әділ де бағын сынады. Жас қыз бірқатар жігіттерді шаң қаптырып, қошқарды 64 рет көтерген. Келушілерді таңқалдырған ару да арнайы сыйлықсыз қалмады.

Предыдущая запись
«Қантты 100% қымбат сатқан». Антикор бағаны тұрақтандырудағы қылмысты ашты
Следующая запись
Двое детей погибли, пока мать вышла в магазин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню