ТҮРКІСТАН: Құрылысшыларға наурыз көже таратылды

Теги: ,
253

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасуда. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында наурыз көже берілді.

Аналар қауымы «Қылует» рухани орталығындағы 100-ден аса құрылысшыны мерекелерімен құттықтап қайтты. Құрылысшылар қызу салып жатқан нысан биыл ел игілігіне беріледі. Орталықта медресе, қарилар дайындайтын мекеме, қызметтік үй болмақ. Іс-шара барысында құрылыс нысанындағы жұмысшыларға наурыз көже беріліп, ыстық палау мен бауырсақ үлестірілді.

– Шамшырағы қайта жанған Түркістан шаһарында бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Жалпы қаламыздың аумағында 200-ден астам нысан салынып жатыр. Бұл ретте құрылысшылардың еңбегі ерен. Оларға қала тұрғыны ретінде алғыс білдіреміз. Қаймана қазақ үшін наурыз көженің орны бөлек. Наурыз көжеге қосылатын түрлі дәм молшылықтың, тоқшылықтың, сәттіліктің, байлықтың, бақ пен берекенің белгісі саналады. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! – деді Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова.

Мерекелік көңіл күй қала аумағындағы «Nur-Sultan city» тұрғын үй кешенінде де жалғасты. Бұл жерде 100-ден аса құрылысшы Түркістанды түлетуге өзіндік үлесін қосып жатыр.

Іс-шара барысында құрылыс алаңында асық атудан сайыс өтіп, үлкен-кіші демей белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен арнайы Наурыз кәдесыйлары табысталды.

Предыдущая запись
Экономика: главные события и итоги недели
Следующая запись
Нұр-Сұлтан: Премьер-министр Батыс Қазақстан облысы әкіміне жылана бермей жұмыс істеуді тапсырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню